ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәстүрлі әнші, жыршы-термеші Хатимолла БЕРДІҒАЛИЕВТІҢ шығармашылығына арналған «Шырқал ән, төгіл дауыс» атты ел бойынша турнесі Атырауға келіп жетті.
Ал бұған дейін мамыр айынан бастап бір топ ізбасарымен 11 облысты аралады.
Турненің мақсаты – руханият кеңістігін ұлттық тәрбиемен астастыру және патриоттық идеялогияны қалыптастыру. Қазақ даласындағы дарынды дарабоздардың есімдерін дәріптеу арқылы өнерді қастерлеу. Ол Х.Бердіғалиевтің 70 жылдығына арналған.
- Хатимолла Бердіғалиев бастаған өнер иелері, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармония артистері «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Ернар Өмірәлі, Айбар Хайрханов, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері, жетекшісі Еркін Нұрымбетовтің қатысуымен Атырау қаласына табан тіреп отырмыз, - деді Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ақпарат бөлімінің басшысы Олжас СЕЙТИМОВ.
Мерейтой иесінің шығармашылық кеші 30 қараша күні сағат 19:00-де Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында өтеді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдаған суреттер