Атыраудағы Самал ықшамаудандағы №4 көше енді көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздің балық шаруашылығының тұңғыш министрі болған Ысқақ ӨТЕҒАЛИЕВТЫҢ есімімен аталады.
- Ысқақ Махмұдұлы - Исатай ауданы Манаш ауылының тумасы. Ол Қазақ КСР Балық шаруашылығының бірінші министрі ретінде саланың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен балық саласының өндірістік-техникалық базасы қайта жаңартылып, өңірлерде балық өңдеу комбинаттары мен тоңазытқыш қондырғылары және тоған шаруашылықтары бар балық зауыттары салынды. Жайық-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балық қорын молайту бағдарламасына бастамашы болды. Осы еңбегі үшін бүгін Атырау көшелерінің біріне оның есімі берілді, оның туған-туыстары мен туыстарын осы айтулы оқиғамен құттықтаймын, - деді ҚР Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас АСЫЛБЕКОВ.
Сондай-ақ, ҚР Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бастамасымен Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытындағы бір кемеге Ысқақ Өтеғалиевтың есімі берілді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдған суреттер