Атырау, 24 сәуір 19:04
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

18 мың интернет-алаяқтық қылмыстың 3 мыңы ғана ашылған

637 просмотра

Жыл басынан елімізде 18 мың интернет-алаяқтық қылмысы жасалса, соның 3 мыңы ғана ашылған. Мәселенің мән-жайын ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет-алаяқтық қылмыстың бір түрі. Жалпы әр қылмысты ашудың өз ерекшелігі бар. Технология дамыған заманда интернет-алаяқтық жай қылмыс түріне жатпайды. Себебі, қылмыскер Қазақстанда емес, шетелде отырып ісін тындыра беруі мүмкін. Айтар болсақ, қылмыс шетелде жасалған жағдайда біз ол елге сауал жолдаймыз. Ол сауалдың қарау мерзімі бар, яғни ақпарат бірден берілмейді. Уақыт керек. Сондықтан елімізде интернет-алаяқтық қылмысы ашылмай жатыр деп айта алмаймыз», - деді Жандос Сүйінбай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

ҚР ІІМ өкілінің айтуынша, әр өңірде интернет-алаяқтық қылмысын ашу бойынша бөлімдер жұмыс істейді.

«Өткен жылы елімізде 19 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелсе, биыл 18 мыңға азайды. Соның ішінде 3 мыңдай қылмыс түрі ашылды», - дейді ол.

Спикердің мәліметінше, интернет-қылмыстардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өкілі түрмеден хабарласатын алаяқтардың барын растаған еді.

29 қараша 2022, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.