Атырау, 29 қараша 01:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау іргесіндегі елді мекенде жабайы қабандар жүр

Сурет
1 401 просмотра

Қала іргесіндегі Еркінқала ауылында тұрғындар ауыл көшелерінде емін-еркін жүрген үш қабанды көрген. Куәгерлер оларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Атырау облыстық жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, жабайы қабандар «Ақжайық» резерватынан келуі мүмкін.

- Бұл елді мекеннің жанында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан. Жануарлар сол резерваттан Жайық өзені арқылы жүзіп шыққан болуы мүмкін деп ойлаймыз. Осы оқиғадан кейін жергілікті округ әкімімен бірге ауылды аралап шықтық. Жануарлар ауылға кіріп, кері қашып кеткен. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Жалпы, қабандар – қауіпті жануарлар. Қабандар адамнан қорыққанымен, сақ болу керек, -дейді Н. Иманғалиев. Оның айтуынша, мұндай жағдай 80-жылдары болған. Алайда одан кейін мұндай оқиға байқалмаған.

Ал, әлеуметтік желіде қабандардың атылғаны туралы суреттер пайда болды. Бірақ Нұрлан Иманғалиев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған суреттер

30 қараша 2022, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.