Атырауда жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Шындықты ту еткен жазушы» атты кітап көрмесі өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Көрмеге жазушының көпшілік оқырмандарға арналған баспа түріндегі «Қазақтың жүз романы» қатарына енген шығармалары, сонымен қатар орыс тілінде жарық көрген «Миллионер», «Очевидец», «После бури» романдары, «Избранное» шығармалар жинақтары қойылды. Зағип оқырмандарға арналған дыбыстандырылған «Көз көрген» романы оқырмандарға насихатталды.
- Көрмеге келушілер қазақ әдебиетінің классикасы туралы көбірек мәлімет алды, - деді тифлопедагог Гүлжанат ТАСТАНБЕКОВА. – Оқырмандар бұл іс-шарадан кейін жазушының шығармаларына деген қызығушылықтары оянып, романдарын қайталап оқуға ниеттенді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер