Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" қатысушысы өлі табылды

1 381 рет қаралды

Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы Наталья Стешенко (Семаго) өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Мәскеудің "Луна" театрының 37 жастағы актрисасын 28 қарашада түстен кейін кішкентай бала тауып алған. Ол көршілерін көмекке шақырып, бәрі жедел жәрдем шақырған. Бірақ әйел дәрігерлер келгенше қайтыс болған.

Актрисаның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталатыны айтылды.

Наталья Стешенко Павлодарда дүниеге келген, 2000 жылы "Қазақстан аруы" байқауына қатысқан. Ол Мәскеудегі "Луна" театрында жұмыс істеді, сонымен қатар "Алданған әйелдер лигасы" телехикаясында басты рөлді сомдады.

29 қараша 2022, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.