Атырау, 5 желтоқсан 08:28
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мергендер бақ сынады

Сурет
1 445 рет қаралды

Атырауда №1 олимпиадалық резервтің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер мен ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир өтті. Дүбірлі додаға Атыраудан өзге Маңғыстау мен Оралдан келген 70-ке жуық садақшы қатысты.

Турнирде жасөспірімдер ФИТА нысанасына 10, 15, 20, 25 метр қашықтықта бақ сынады. Ересектер «жамбы ату» нысанасы бойынша 35 метр қашықтықты көздеді.

- Іс-шараның негізгі мақсаты - ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу. Федерация екі-үш айда бір облыс немесе қалааралық жарыстар өткізіп тұрады. Бұл 4-ші турниріміз, - дейді «BATU HAN ZHEBESI» облыстық федерациясының төрағасы Марат БЕКСҰЛТАН.

Жарыс нәтижесі бойынша 10 жасқа дейінгі балалар арасында Мелиса Озкерим 1-орын,  Хайдаролла Асанұлы2-орын, Аслан Озкерим мен Сафия Сесигюзель 3-орын иеленсе, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 1-орынға Айдар Әділгерей, 2-орынға Әдемі Еркінғали, 3-орынға Ернар Махмет ие болды. Ересектер арасында 1-орынды маңғыстаулық Али Сесигюзель, 2-орынды атыраулық Самал Сахибеден, 3-орынды манғыстаулық Асылбек Ұлықпанов пен Самал Зұлпыхаров еншіледі.

Айта кетейік, «BATU HAN ZHEBESI» федерациясында 25 спортшы жаттығуда. Жалпы облыс бойынша садақ ату өнерімен тұрақты айналысып жүрген 50-ге жуық спортшы бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

30 қараша 2022, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.