Атырау, 29 қараша 00:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Нұржаудағы жолдар мен тротуарлар құрылысы жаңа жылға дейін аяқталмақ

Сурет
1 226 просмотра

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан Құрманғазы ауданы Нұржау ауылындағы кірме және ауылішілік көлік жолдарының құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.

Қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылы басталған, мердігері - «Атырау Жолдары» ЖШС.

- Нұржау ауылдық округінің сегіз көшесіне асфальт төсеп, жаяу жүргіншілер жолын салып жатырмыз. Қазіргі кезде жолдың 10 шақырымның 7 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, жаяу жолдар толық аяқталды, - деді «Атырау Жолдары»  ЖШС-нің учаске басшысы Наурызбек САБИРОВ. - Инерттік материалдардың тапшылығы, теміржол тасымалы сынды кейбір кедергілер болды. Дегенмен, жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті ӨКҚ жолдады

30 қараша 2022, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.