Атырау, 29 қараша 00:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​«...Соңғы шприц қалды»

1 226 просмотра

«Жыл аяғын күтіңіз, дәрі-дәрмек жоқ». Қант диабетімен ауыратын ІІ топтағы мүгедек өзі есепте тұрған Атыраудағы №1 емханаға жүгінген кезде емдеуші дәрігерінен осындай ұсынысты естіген.

– «Виктоза» дәрісі өмірім үшін өте қажет, – дейді Светлана. - Егер дәрімді уақытында ала алмайтынымды білсем, ағзам оның жоқтығына үйрену үшін дозаны бірте-бірте азайтатын едім. Бірақ толықтай бас тарту жағдайымды нашарлатып, тіпті өліп кету қаупін төндіреді...

«Ақ Жайыққа» «Фармация» СК (мемлекеттік ауруханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін бірыңғай дистрибьютор) берген ақпаратқа сәйкес, барлық қажетті өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді, атап айтқанда, №1 емхана алған. Есепте тұрған және осы дәрі-дәрмекті алатын диабетке шалдыққан науқастар саны бойынша барлығы 190 препарат.

Біз өзімізді таныстырмастан, емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, «дәрі-дәрмек жоқ» деген жауап алдық.

Светлананың айтуынша, науқастарға препараттар кейде 2-3 ай бұрын беріледі, алдын ала ескертеді, кейде үйлеріне әкеліп береді. Бірақ уәкілетті органдарға жүгініп, емханадан «тартып» алатындай жағдайлар кездеседі екен. Мұның неге байланысты екені, түсініксіз:

– Шағым түскеннен кейін бірден береді. Демек, осы уақытқа дейін бұл препарат болып, менің ашуыма тиген ғой? Білесіз бе, бұл ауру онсыз да маған ауыр тиіп жатыр, олардың бұлай етулеріне лайықпын ба? Бүгін қолымда 1 шприц қалды...

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

29 қараша 2022, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.