Атырау, 20 сәуір 18:19
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Түймебаевтың ұлын өлтірген күдікті – әскери қызметші

1 119 просмотра

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікпен қамауға алынған әскери адам болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 қаңтарда К. есімді азаматтың қайтыс болу фактісі бойынша Бас әскери прокуратураның жедел тобы тергеу жүргізді. Жоғарыдағы факт бойынша Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметшісі Қылмыстық кодекстің 451-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен (ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдалану) күдікті деп танылды. Ол қамауға алынған», - делінген ресми хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қазір қылмыстық процеске қатысушылар аталған іспен танысып жатыр.

«Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», - дейді ведомстводан.

Айта кетсек, кеше еліміздің бас прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде Жансейіт Түймебаевтің ұлының өлімі бойынша күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.

Еске салсақ, Жансейіт Түймебаевтің ұлы биылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз біреулер қолынан қаза тапқаны хабарланған еді.

29 қараша 2022, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.