Атырау, 27 маусым 00:36
 дождьВ Атырау +25.3
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

​Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға келді

1 328 рет қаралды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТоқаевПарижге келіп, Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bort No1 телеграм-арнасының хабарлауынша, Тоқаев пен Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы француз іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде сапармен болды. Владимир Путинмен кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты декларацияға қол қойылды.

29 қараша 2022, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.