Атырау, 3 қазан 18:28
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Елімізде құжат рәсімдеу жеңілдетіледі

1 467 просмотра

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілені енді еліміздегі кез-келген нотариуста рәсімдей алады, деп хабарлады 24.kz.

Ал, үйдің техникалық құжатын халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Бұл жөнінде Қонаев қаласында халықпен кездесуінде әділет министрі Қанат Мусин айтты.

Биыл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес көпбалалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандарына, 1 және 2 санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге құқықтық
кеңес беру тегін көрсетіледі. Бұл қызметке 10 ай ішінде Алматы облысында алты жарым мың азамат жүгінген. Дегенмен облыстағы сот орындаушылары мен адвокаттардың жұмысында кемшіліктер бар» деді министр.

28 қараша 2022, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.