Атырау, 29 қараша 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда «жаңа буынды» екі мектеп салынып жатыр

1 372 просмотра

2023 жылдың соңына дейін «Нұрсая» (суретте) және «Сары Арқа» ықшамаудандарында әрқайсысында 4 мың бала екі ауысымда білім алатын екі жаңа «BINOM» мектебі есігін айқара ашады. Мектептерді «ВI Групп» компаниясы салып жатыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар СӘДУАҚАСОВА мәлімдеді.

BINOM мектебі – қазақстандық жалпы білім беру үдерісіне озық әдістерді енгізудің жаңа бренді. Оларда білім беру отандық үлгіде және Финляндия, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның озық халықаралық жүйелері негізінде ұйымдастырылған. Мұндай алғашқы мектеп былтыр тамыз айында Астанада ашылған болатын.

Г.Сәдуақасованың айтуынша, «BINOM» мектептерінде білім алу тегін болады және онда білім алу құқығына бірінші кезекте «Нұрсая» және «Сары арқа» ықшамауданында тіркелген балалар ие болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

28 қараша 2022, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.