Атырауда балалар жылына орай облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «Fly Arystan» әуекомпаниясымен жасасқан ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында «Әуедегі бір күн» жобасы ұйымдастырылды.
Атап айтқанда аз қамтылған, көп балалы отбасылардың 9-10 сынып оқитын 30 оқушысы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1, 2 – курстағы 50 студенті Ақтау қаласына экскурсияға барды. Онда олар облыстық өлкетану мұражайы мен кітапханаға барды. Сондай-ақ, Маңғыстаудың көрікті жерлеріне саяхаттады.
- Бұл жобаның негізгі мақсаты - балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту, өзге өңірдің тарихымен таныстыру және балаларға естен кетпес әсер қалдыру, - дейді облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшы Нұрбол Жаңабеков. - Бұдан бұрын балалар Алматы қаласына барған еді. Меморандумға сәйкес, қатысушыларды Fly Arystan әуекомпаниясы тегін билетпен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта да бұл жоба жалғасын табады деп ойлаймын.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет ӨКҚ