Атырау, 24 қараша 04:32
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нью-Йоркте майнингке шектеу қойды

1 040 просмотра

Нью-Йорк штатының губернаторы экологиялық таза емес көздерден электр қуатын алатын майнинг фермаларға екі жылға шектеу қойды. Тиісті заңды губернатор Кэти Хоукул бекітті. Шектеу талаптарын жазған Politico басылымына сілтеме жасап, Aikyn.kz енді криптовалюта әлемнің қаржы орталығында қалай өндірілетінін хабарлайды.

Алтыннан да қымбат биткоин осындай фермаларда өндіріледі. Фото Getty Images сайтынан алынды

Шектеулер экологиялық таза емес көздерді пайдалана отырып, цифрлық валюталарды өндіруге әсер етеді. Бұдан былай қазба отыннан алынған электр қуатын пайдаланатын криптовалюта өндірушілері лицензия ала алмайды.

Бір қызығы, заң жобасын маусым айында Нью-Йорк сенаты мақұлдағанымен алғашында губернатор Хоукул оған қарсы болған. Кейіннен губернатор 2 жылдық мораторий көмірмен жұмыс істейтін ескі электр станцияларын қайта іске қосып майнингпен айналысатын фермалар көміртегі шығарындысын көбейткенін айтқан.

Сондықтан бұған тосқауыл қою үшін мораторий маңызды қадам деп атады. Сондай-ақ құжат тау-кен өнеркәсібінің табиғатқа әсерін зерттеу үшін мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау департаментіне зерттеу жүргізуді міндеттейді.

Бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған компанияларға жұмысын жалғастыруға рұқсат етіледі. Сонымен бірге, мораторий жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын компанияларға қолданылмайды.

Криптовалюта лоббиінің өкілдері заң жобасы Нью-Йорк үшін зиянды экономикалық зардаптарға әкелуі мүмкін деп алаңдайды. Штат майнинг өндіруге арналған арзан электр энергиясының көздерінің болуына байланысты криптовалютаны өндіру үшін қолайлы орын болып саналады. Бірақ, майнинг фермалары бұрын жабылып қалған көмір жағатын электр станцияларын қайта іске қосып арзан энергияны қолданған.

Криптовалюта өндіруші компаниялар мораторий қабылданса, аймақты тастап Техас сияқты штаттарға кетеміз деп мәлімдеген.

Олар мораторий ұзартылуы немесе майнингке мүлдем тыйым салуы мүмкін деп қорқады.

28 қараша 2022, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.