Атырау, 3 қазан 18:31
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Сенат депутаты үміткеріне қойылатын талаптар аталды

1 266 просмотра

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар. Парламент депутаты болуы мүмкін тұлғалар:

Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұрған;

30 жастан асқан;

жоғары білімі бар;

жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған", - деді ОСК мүшесі Константин Петров комиссия отырысында.

Оның айтуынша, кандидаттың белсенді сайлау құқығы болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

"Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзудағы кінәсін сот мойындаған адам Парламент депутаттығына кандидат бола алмайды", - деп қосты Петров.

28 қараша 2022, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.