Атырау, 29 қараша 00:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда мұсылмандар зиратына арналған жаңа жер бекітілді

Сурет
1 486 просмотра

Жаңадан бекітілген жерде зираттар енді бірізділікпен салынатын болады. Атырау қалалық әкімдігі белгілеген бұл учаске қала маңындағы Қызылбалық ауылында орналасқан.

Бұл туралы Атырау облысының бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ айтып берді.

- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының зираттарда бірізділікті қалыптастыру мақсатында қабылдаған арнайы құжаты бар. Ондағы мақсат – зираттарды шариғат талаптарына сай біріздендіру. Өйткені, қазіргі қауымдарға қарасақ, марқұмды құбылаға қаратып жерлеу тәртібінің аса сақталмағанын көруге болады. Әрі бейіттердің орналасу реті сақтала бермейді. Дұрысында қабірдің көлемі, екі зираттың арасындағы қашықтық сынды қарапайым дүниелердің де өзіндік тәртібі бар. Тазалық, зираттың, құлпытастың мейілінше қарапайым болуы жайы өз алдына бөлек мәселе. Сондықтан, зират қазарда жақын маңдағы мешіттің дін қызметкерін шақыртып алуды да ұсынып отырмыз, - деді А. Ұтысханұлы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер

28 қараша 2022, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.