Атырау, 3 қазан 18:23
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Төрт агенттіктің басшысы тағайындалды

743 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауынан кейін бірқатар ведомствоның басшысын қызметке қайта тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, Қазақстан президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өз қызметінде қалды.

Бұған дейін Тоқаев ҰҚК, Антикор және Қаржылық мониторинг агенттігінің басшыларын да қызметке қайта тағайындаған болатын.

28 қараша 2022, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.