Атырау, 3 қазан 18:23
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

765 просмотра

Екібастұзда 28 қарашада жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша жұмыс істейді, деп хабарлайды Екібастұз қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасы.

Қала билігінің мәліметінше, сағат 01:30-дағы жағдай бойынша 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және заңды тұлғалардың 21 нысаны жылусыз қалды.

«ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала әкімі жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай ариялады.Екібастұз қаласының әкімдігі

27 қараша күні сағат 01:30-да Екібастұзда апат салдарынан жылу мен ыстық су беру тоқтатылды.

Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейін хабарлады, бұл 70%-дан астам.

Кейін Энергетика министрлігі Екібастұздағы апаттың жылу электр орталығында емес, жылу желілерінде болғанын түсіндірді.

Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Әлихан Смайыловқа ел қалаларындағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырды.

28 қараша 2022, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.