Атырау, 29 қараша 01:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әлеуметтік нысандар салуға 19 жер учаскесі бөлінді

1 557 просмотра

Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген  ҚҰСАЙЫНОВ мәлімдеді.

Қаланың әлеуметтік нысандар салу туралы бас жоспары аясында биыл білім беру нысандарын салу үшін 5 учаске, медициналық орталықтар үшін 14 учаске бөлінді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

- Бүгінде білім басқармасы тарапынан Махамбет ауданы Сарайшық ауылынан мектеп құрылысы, Атырау қаласындағы №17 мектепке, №3 мектепке, №16 мектепке, Мақат кентіндегі №2 мектепке жапсаржай құрылысы үшін жер бөлінді. Ал денсаулық сақтау нысандары бойынша Атырау қаласынан Нұрсая, Өркен ықшамаудандарынан 250 орындық емхана, Амангелді ауылынан және Жұлдыз ықшам ауданынан дәрігерлік амбулатория пунктінің құрылысы жүргізілмек. Сонымен қатар, Құрманғазы ауданы Сүйіндік, Балқұдық ауылдарынан дәрігерлік амбулатория пункті, Махамбет ауданы Талдыкөл ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункт, Құрманғазы ауданы Кадырка, Шағырлы, Алтыншы ауылдарынан медициналық пункт салынбақ. Атыраудан облыстық окнология диспансері жанынан радиологиялық корпус, үш қосалқы стансасы бар жедел жәрдем стансасы, 250 төсектік психикалық денсаулық сақтау орталығы құрылысын бастау жоспарлануда, - деді Н.Құсайынов.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 қараша 2022, 01:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.