Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде жеті жылдық мерзімге президент қызметіне кірісті

1 561 рет қаралды

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде жеті жылдық мерзімге президент қызметіне кірісті.

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті

Мемлекеттік Ту мен Президент Байрағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы Тәуелсіздік сарайының Үлкен залына әкелінген соң Қазақстан Республикасының Президенті келіп, мінберге көтерілді.

Конституцияның 42-бабына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ант берді:

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!»

Сайланған Қазақстан Президентінің қызметке кірісу құрметіне орай  Мемлекеттік әнұран ойналып, 21 рет зеңбіректерден оқ атылды. Ал «Ақорда» резиденциясының үстінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.

Мемлекет басшысы салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде өзіне зор сенім артқан барша отандасына алғыс айтты.

26 қараша 2022, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.