Атырау, 20 сәуір 21:02
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Химиктегі» тауықтарды қырған кім?

1 591 просмотра

Бұл «Химик» бау-бақша қоғамындағы алғашқы жағдай емес: бір түн ішінде Садовый көшесіндегі жеке үйдің ауласындағы тауықтарды түгел қырып тастаған.

Саяжайшылардың айтуынша, мұндай сойқан жиі болып тұрады, былтыр белгісіз аң тауықтарды ғана емес, бір жылдық отыз шақты күркетауықты да «жәукемдеген».

- Менің күркетауықтарымды қамыс мысығы қырып тастады, - дейді көршім Нелли. – Өз көзіммен көрдім – үлкен, әдемі аң. Өсіріп, бағып, азық беріп, уақытымды жұмсағаным зая кетті. Өлтірген соң бірде-біреуін жемеген,  жай ғана мерт қылып, буындырып тастаған. Содан кейін оларды лақтырып тастауға тура келді, өйткені мысықтың құтырма ауруы болуы мүмкін. Әрине, сәл кейінірек оны ұстап алдық, кішкентай мысықтары бар аналық екен. Арып-ашыған алты мәулен төрт күннен кейін біздің учаскеге өздері келді. Күйеуім оларды казанкамен теңізге апарып тастады. Оларды өлтіруге дәті бармады.

Көңіл-күйі түскен Оксана әлі күнге дейін тауықтарын осы төңіректе жүрген ит өлтірді деп есептейді. Басқа саяжай тұрғындары тауық қорасына қазылған шағын шұңқырға қарап, оның күзендер екеніне сенімді.

...Аулада, қора ішінде тауық өлекселері жайрап жатыр. Шынында да, күзеннің әрекетіне ұқсайды, жаппай жаралап, қырып тастаған. Бірақ ... неге екені белгісіз, ешқайсысын жемепті, 50 тауықтың бәрі түгел – төбет немесе түлкі сияқты жабайы дала аңы болса, тым болмаса біреуін алып кетер еді.

Оқырмандарымыздың арасында білетін аңшылар бар шығар. Бәлкім, мұның қандай жануар екенін, ең бастысы, үй құстарының жаппай қырылуын тоқтату үшін онымен қалай күресу керектігін айтатын болар.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

25 қараша 2022, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.