Атырау, 29 қараша 00:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Гранттар беріледі, тек жұмыс жасау керек

1 111 просмотра

Атырау облысында 552 адам 1 млн 272 мың теңге (400 АЕК)  көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды. Оның 343-і ауыл тұрғыны, 226-сы көпбалалы аналар. Сондай-ақ, грант алғандардың арасында 38 адам мүгедектігі бар адамдарды асыраушылар және 8-і асыраушысынан айырылғандар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВТІҢ айтуынша, грант алушылардың басым бөлігі жастар. Мәселен, Айбек ОРЫНҒАЛИЕВ құрылысқа қажетті монолитті көбікбетон өндіруді қолға алған.

- Қазіргі таңда құрылыс саласы дамып келеді. Осы монолитті көбік бетонның енді дамып келе жатқанын ескеріп, оның дайындалуын зерделедім. Осы бағытты кәсібіме айналдырғым келді. Мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, бизнес-жоспарымды іске асырдым. Қазір құрылыс нысандарынан тапсырыс қабылдап отырмыз, - дейді А. Орынғалиев.

А.Мәмбетов мемлекеттік грантқа жеке кәсіпкерлер де өтінім бере алатынын атап өтті. Биыл грант иемденгендердің ішінде 86 жеке кәсіпкер бар.

Айнұр САПАРОВА

25 қараша 2022, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.