Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сенат депутаты Владимир Соловьевтің Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір білдірді

1 408 рет қаралды

Сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед "Россия 1" телеарнасында журналист Владимир Соловьевтің Қазақстан туралы айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соловьев бұрыннан әлемнің көптеген елдеріне қарсы пікір айтып жүретіндердің бірі, сондықтан болар қазір санкциялық қара тізімдердің басында жүр", - деді Құл-Мұхаммед.

Ол бұрын да "Россия 1" телеарнасында Соловьевтің Алматыны "бомбалау" туралы ашық ұсынғанын еске алды.

"Жалпы, Соловьев өзі жиі артық сөйлеп, өз бағдарламасының қонақтарын шулы мәлімдемелерге итермелейді. Өзін әдепсіз ұстайды", - деп есептейді сенатор.

Ол ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің "Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема - Қазақстан" деген мәлімдемесі біздің елге тікелей қауіп төндіретінін ашық айтты.

Еске салайық, Ресейдің "Россия 1" телеарнасындағы бағдарламада сарапшылардың бірі "Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема - Қазақстан" екенін айтқан. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірген болатын.

24 қараша 2022, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.