Түркияның батысында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
"Қолда бар соңғы мәлімет бойынша зардап шеккендер саны 93 адамды құрайды", - деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
Алдын ала мәлімет бойынша қаза болғандар жоқ. Өңірдің оқу мекемелерінде сабақ уақытша тоқтатылды.
Еске салсақ, сәрсенбі күні Түркияның батысында магнитудасы 6,0 жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері бүкіләлемдік уақытпен 01.08-де тіркелді.
Эпицентр Дюздже қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 шақырымда орналасты. Ошағы алты шақырым тереңдікте болды.
Бұған дейін Түркияда жер сілкінісінен 35 адам зардап шеккені туралы хабарланған болатын.