Атырау, 29 қараша 00:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Жылыойгаз» ЖШС-не заңсыз қосымша төлемақы алғаны үшін айыппұл салынды

1 583 просмотра

Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті прокуратура ұйғарымы негізінде «Жылыойгаз» ЖШС-нің ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының талаптарын сақтауына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жоспардан тыс тексеру барысында «Жылыойгаз» ЖШС-нің қолданыстағы газ құбырын тарту, іске қосу және тұтынушылардың газ жабдықтарына газ жіберу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша ақы алатыны анықталды.

Бұл ретте, «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24-бабы 10-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызметті қолжетімді ету немесе реттелетін қызмет көлемін ұлғайту кезінде тұтынушыға желіге қосылудың техникалық шарттарын сақтауды қоспағанда, өзге талаптар қоюға тыйым салынады.

Осыған байланысты департамент «Жылыойгаз» ЖШС-іне қатысты заңсыз тәжірибені тоқтату туралы ұйғарым шығарды. Бүгінде бұл ұйғарым орындалды. ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес, кәсіпорынға 980 160 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қараша 2022, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.