Атырау, 3 қазан 20:34
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Ғалымның хаты, жақсының аты мәңгілік

929 просмотра

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. І Жарықбаев оқулары аясындағы аталмыш халықаралық конференцияны Философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ұйымдастырды.

Конференцияға белгілі ғалымдар, тәжірибелі психологтар мен педагогтар қатысты. Атап айтсақ, психология ғылымдарының докторы, ҚазҰҚПУ профессоры Х.Т. Шерьязданова, психология ғылымдарының докторы, Каспий университетінің профессоры Ж.И. Намазбаева, психология ғылымдарының докторы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ (Қарағанды) профессоры Б.А. Амирова, психология ғылымдарының докторы, профессор С.Қ. Бердібаева, психология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ психологиялық қоғамының президенті – М.Ә. Перленбетов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің кафедра меңгерушісі С.А. Ұзақбаева, психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры. А. Т. Ақажанова, психология ғылымдарының докторы, Тұран университетінің профессоры О.С. Сангилбаев, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Н. Сабирова (Атырау) ғылыми баяндамалар жасады. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Түркпенұлы ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы ҚазМУ студенттік өмірі және Құбығұл Бозайұлымен достық туралы естеліктерімен бөліссе, философия және саясаттану факультетінің деканы Б. Б.Мейрбаев профессор Қ.Б. Жарықбаев өмірінің маңызды кезеңдерін еске алып өтті. Іс-шараға философия және саясаттану факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер белсенді қатысты.

Алқалы жиынға психология ғылымы саласында озық еңбектерімен көзге түскен шетелдік ғалымдар да пікірін білдірді. Психология ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Шульга (Ресей), психология ғылымдарының докторы, профессор Б.Р. Қадыров (Өзбекстан), психология ғылымдарының докторы, профессор А. Гарбер (Нидерланды-Германия) құттықтау сөз сөйледі және баяндамаларын оқыды.

Конференцияға арнайы келген профессор Қ. Жарықбаевтың қызы, психология ғылымдарының докторы, Қайнар академияcының профессоры Маржан Құбығұлқызы Ахметова ғалымның өмірі мен ғылыми жолы туралы жанұялық суреттерден жасалған бейне көрсетілім ұсынып, естеліктерімен бөлісті. Профессор туралы бейнефильм, мұрағат материалдары, академиктің марапаттары, оның жазбалары, түрлі жылдардағы ұйымдардың құттықтау жолдаулары көрсетілді. Құнды ғылыми деректерге толы пленарлық отырыс түстен кейін университет кітапханасында секциялық отырыстармен жалғасын тапты.

Нұргүл ТОҚСАНБАЕВ, PhD-докторы, Философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

22 қараша 2022, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.