Атырау, 29 қараша 00:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Сарытоғайда алма баққа арналған ескерткіш ашылып, алғашқы алма ағашы отырғызылды

Сурет
2 014 просмотра

Махамбет ауданы Сарытоғай ауылындағы шағын саябақта алма баққа арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Махамбет аудандық әкімдігі.  

1948 жылы ашылған алма бағы өз уақытында 17 түрлі алма сортын өсіріп, одан 3 түрлі өнім алып, бүкіл Қазақстанды ғана емес, Татарстан, Башқұртстан, Ресейдің бірнеше облыстарын қамтамасыз етіп отырған. 

Сарытоғайдың символына айналған ескерткішті ауылдың азаматы, ағаш шебері Орынғали САРИЕВ жасаған. Ыстық пен суыққа төзімді шыныпластиктен жасалған ескерткіштің биіктігі 3 метр.

- Сарытоғай бір кездері Қазақстанның екінші Алматысы атанып еді. Сол кезде ауылдың жас-кәрісі осы бақта қайнаған қызу жұмыстың ортасында жүрді. Суды Жайық өзенінен шелекпен тасыдық. Балалар жастайынан еңбекке шыңдалды. Бүгінде сол алма бақтың орны мен ескірмейтін естеліктері ғана қалды. Бақтың жұмысы кері жанданса, аудан экономикасына көп пайда әкелер еді, - деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәли РАҚЫМЖАНОВ.  

Ескерткіш ашылғаннан кейін ауыл қарттары саябақтың ауласына алғашқы алма ағашын отырғызды.  Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ ұсынған суреттер

22 қараша 2022, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.