COVID-19 науқастары санының артуына байланысты енді қаладағы нысандар мен қоғамдық орындар уақытша жұмысын тоқтатты. Соңғы тәулікте Қытай астанасында коронавирус жұқтырушылар саны 962-ге артты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ел аумағы бойынша барлығы 22 мыңнан аса адам науқастанған, оның ішінде 107 жанның жағдайы ауыр. 3,5 миллион тұрғыны бар Бейжіңнің Чаоян ауданы – вирус салдарынан ең қатты зардап шеккен аймақ. Жергілікті билік қала тұрғындарына үйлерінде қалуға кеңес берді. Себебі мектептерден бастап сұлулық салондары, мейрамхана, тренажер залдары, тамақтану орындары – түгел карантинге жабылған. Бейжің тұрғындары биліктің бұл шешімін түсіністікпен қабылдауда.
Хуан, Бейжің тұрғыны:
– Ешқайда бара алмай қалдық, бәрі жабық. Сатып алушылар да COVID-19 өршуіне байланысты келулерін тоқтатты. Коронавирусқа байланысты ел саясаты да күн санап өзгеріп отыр. Алайда Қытайдың ауруға байланысты
ұстанған бағыты бұрынғысынша дұрыс арнада.