Атырау, 3 қазан 20:32
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

ҚР президентін ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді

970 просмотра

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті етіп тіркеді. Сайланған президенттің ант беретін күні – 26 қараша.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 22 қарашада ведомство отырысында елдегі президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

Дауыстар келесідей бөлінді:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берді.

Қарақат Әбденге сайлаушылардың 2,6 пайызы дауыс берді.

Нұрлан Әуесбаев сайлаушылардың 2,22 пайызы дауыс берді.

Жигули Дайрабаев сайлаушылардың 3,42 пайызы дауыс берді.

Мейрам Қажыкен сайлаушылардың 2,53 пайызы дауыс берді.

Салтанат Тұрсынбекова сайлаушылардың 2,12 пайызы дауыс берді.

«Барлығына қарсы» деген бағанды сайлаушылардың 5,8 пайызы таңдаған.

22 қараша 2022, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.