Атырау, 3 қараша 13:37
 дождьВ Атырау +10
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Мектеп формасын сатып алу бойынша цифрлық платформа енгізілмек

1 048 рет қаралды

Мектеп формасын сатып алу бойынша цифрлық платформаны енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазТАГ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» платформасы арқылы ата-аналарға белгілі бір дүкендерде мектеп формасын сатып алуға кепілхат беру мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге мектеп формасын сату үшін жеңілдікті шарттармен сауда нүктелері ұсынылғаны жөн.

Осыған байланысты отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыру қажет, басты талаптардың бірі – ұлттық стандарттарға сәйкес өнім өндірісін анықтау», – деп атап өтті Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

Аталған пилоттық жобаны алдымен Астана қаласында, кейін еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарланған.

21 қараша 2022, 20:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.