Атырау, 21 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда әрқайсысы 160 орындық екі балабақша ашылады

Сурет
1 376 рет қаралды

Екі балабақша да Жұлдыз және Көктем ықшам аудандарында «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы желтоқсан айында басталған. Жұлдыздағы балабақша мердігері - «Егеменді-құрылыс» ЖШС, Көктемдегі балабақша мердігері - «Диар и компания» ЖШС.

Бір гектар жерге орналасқан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ауданы 1749,62 және 1584 шаршы метр.  

- Әр балабақшаға жеті топ қарастырылған. 20 баладан екі жастағы кіші үш топ, 25 баладан үш жастағы екі орта топ және 25 баладан 4-5 жастағы екі ересек топ. Балабақша заманауи үлгіге сай жасақталынған, асхана, спорт алаңы, саз және спорт кабинетімен қамтылған, - деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ

Айта кетейік, аталған балабақшалар жыл соңына дейін толықтай пайдалануға беріледі.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жолдаған суреттер

21 қараша 2022, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.