Елімізге Ресейден жаппай мигранттардың ағылуы баспана жалдау саласында ғана емес, интимдік қызмет көрсету саласында да бағаның шарықтауына себеп болды. Атырау да бұл тұрғыда «зардап шекті».
Мұндай қызметті белсенді пайдаланушының айтуынша, оны Б. деп атайық, бағалар ақпан айында Ресей әскері Украинаға басып кірген кезден бастап көтерілген. Ал қазір бұл қызметтің бір сағаты 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін өсіп, одан да қымбаттаған.
- Мен үшін бұл жағымсыз тосынсый болды. Не үшін бұлай екенін сұрағанымда, жезөкше үй иесі пәтердің жалдау ақысын көтеріп жібергенін, енді ол да солай етуге мәжбүр екенін айтты, - дейді Б.
Менің сұхбаттасым қай сайтқа өтуге болатынын айтты. Рас, бағалары арзан емес екен.
Сабрина есімді бойжеткен әйел дауысына таңғалмастан, бағаның орналасу жері мен басқа да сұраныстарға байланысты белгіленетінін айтты. Оны үйінде, менің үйімде, саунада, көлікте бір сағат өткізу жолдары бар. Әрқайсысының бағасы әртүрлі: мысалы, мейрамханаға дейін баратын «эскорттың» бір сағаты 200 мың теңге тұрады.
Қазір соғыстан және «ішінара мобилизациялаудан» қашып, Атырауға келген ресейлік босқындардың алғашқы легі басылды, бірақ коммерциялық секс-жұмыскерлері бағаны төмендетуге асығар емес. Бірақ баға көтерілгеннен кейін оның кері түскенін қай нарықтан көрдіңіз?
...Моралист болғым келмейді, сондықтан тек фактілерді ғана айтып отырмын. Облыстық ЖИТС орталығының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда ауру жұқтырғандар саны айтарлықтай артқан. Айтпақшы, олардың көпшілігі 50 мен 59 жас аралығындағы ер адамдар.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА