Атырау, 29 қараша 01:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ғарыштан Жылыойдағы қоқыс үйінділері байқалған

Сурет
1 242 просмотра

Жылыой ауданында «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының ғарыштық түсірілімі қызметі арқылы бірнеше жылдан қордаланып қалған 55 стихиялық қоқыс алаңы анықталған болатын. Оның 51-і Құлсары қаласына тиесілі болса, 2-уі Жаңа Қаратон, ал қалған 2-уі Қосшағыл ауылында болып шықты.

Осыған орай аудандық әкімдіктің тапсырмасымен «Промэкология» ЖШС-нің жанынан стихиялық қоқыс алаңдарын тазалау үшін жұмыс тобы құрылған еді.


- Құрылыс қалдықтарын жинауға 10 жұмысшы мен 8 арнайы техика тартылған болатын. Бүгінде 55 қоқыс алаңының 30-ы тазартылды. «ЭкоҚалаХХI» ЖШС-нің полигонына мың тоннадай қоқыс шығарылды, - дейді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ

Алайда кейбір тұрғындар тазартылған орынға құрылыс және тұрмыстық қоқыс қалдықтарын қайта тастап жатыр. Сондықтан осындай «ластаушыларды» анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жоспары жасалды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, болашақта қоқыс көп тасталатын орындарға бейнекамералар орнату жоспарланған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

21 қараша 2022, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.