Атырау, 29 қараша 01:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Доссор-Бейнеу трассасында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды

1 573 просмотра

19 қарашада таңертеңгі сағат 9 шамасында Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде Доссор-Бейнеу тас жолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды.

Бейресми мәлімет бойынша, Kia Rio көлігі қатты жылдамдықпен жолдан шығып кетіп, аударылған. Салдарынан 39 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, ал 35 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 қараша 2022, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.