
Қазақстандағы президент сайлауындағы дауыстарды санаудың алдын ала қорытындысы бойынша қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыспен көш бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында дауыстарды санаудың алдын ала қорытындысын ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев 6 456 392 дауыс немесе 81,31% дауыс жеңіп алды.
Қарақат Әбденге сайлаушылардың 206 206-сы немесе 2,6 пайызы дауыс берді
Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 %
Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 %
Мейрам Қажыкен үшін 200 907 немесе 2,53 %
Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 %
Сайлаушылардың 460 484-і немесе 5,8 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.
- Қазір Қазақстанның барлық аймағындағы, шетелдегі барлық сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды, - деп мәлімдеді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Қатысқан сайлаушылардың алдын ала саны 69,44 пайыз.
В Атырау 0