
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға қатысқандарды марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды наградтау туралы жарлыққа қол қойды»,- делінген хабарламада.
"Құрмет" орденімен:
1) Ибраимов Дәулет Дулатұлы – "Строй Элит Дом" ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;
2) Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – "СК КВS" ЖШС директоры;
3) Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы – "Рудныйсоколовстрой" АҚ бас директоры;
III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен:
1) Владимирова Оксана Рашитовна – "Рудныйсоколовстрой" АҚ "Отделстрой" ҚБ аға прорабы;
2) Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы – "БК-Строй" ЖШС тас қалаушысы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
1) Арыққұлов Ерболат Болатұлы – "Строй Элит Дом" ЖШС бригадирі;
2) Әбдіков Дархан Жәнібекұлы – "Алюминстрой" ЖШС директорының орынбасары;
3) Бекжанов Тайыр Ренатұлы – "Алия-Сервис" ЖШС филиалының директоры;
4) Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы – "Парасат Строй Проект" ЖШС директоры;
5) Ким Сергей Романович – "БК-Стройпром" ЖШС директоры марапатталды.
В Атырау 0