Атырау, 13 қараша 02:22
 дождьВ Атырау +3.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Атырауда сайлаушылар қолөнер көрмесін тамашалады

Сурет
2 089 рет қаралды

Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданындағы №39 жалпы білім беру орта мектебінде орналасқан №251, 252 сайлау учаскесіне келушілер үшін жергілікті қолөнершілер Нұрсұлтан Қалиевтің ағаш-тері бұйымдары мен Айнұр Меңдібайдың қолөнер бұйымдары және мектеп оқушыларының үздік туындылары қойылған көрме ұйымдастырылған.

- Сайлау учаскесіне келушілер ұлттық бұйымдарымызбен танысып, кейбірі ұнатқан дүниесін сатып алып жатыр. Басты мақсат - халыққа ұлттық өнерді насихаттау, қолөнершілердің еңбегін бағалау, оларды таныту.. Халықтың сайлауға белсенді қатысып жатқаны қатты қуантады, - деді №39 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Рита Мұқанова. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 қараша 2022, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.