Атырау, 6 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Түркия Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы шабуыл бастады

1 255 рет қаралды

Түркия Сирия мен Ирактың солтүстіктерінде Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қарсы әуе операциясын жүргізуді бастады, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі Twitter-де әуе операциясының алғашқы кадрларын жариялады.

"Террористер ұясы тікелей соққылармен жойылады", - делінген жазбада.

Әуе операциясына Pençe-Kılıç (Қылыш тырнақ) деген атау берілген.

"Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі бұл операция БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығына сәйкес жасалғанын айтады", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін күрдтердің "Сирия демократиялық күштерінің" (SDF) өкілі Фархад Шамси Түркия Сирияның солтүстігіндегі Кобани шекаралас қаласына соққы беріп жатқанын айтқан болатын.

20 қараша 2022, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.