Атырау, 29 қараша 00:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Спорт жаңалықтары

1 870 просмотра
Егор Белоусов

Астанада таэквондодан 400-ден астам спортшы қатысқан ҚР кубогы (GTF нұсқасы) өтті. Мұнда бас бапкер Берік Әлжанов бастаған Атырау облысының командасы командалық есепте екінші орынды иеленді.

Ұлдар арасындағы «мацоги» бөлімінде нәтиже мынадай: алтын алқа - Әдел Мейіржан (45 келіге дейін), Мақсат Мұхамбетов (50 келіге дейін), Айбек Демегенов (60 келіге дейін) және Дана Ерланқызы (65 келіге дейін); күміс алқа - Дильназ Дүйсенбаева (55 келіге дейін); қола алқа - Бекзат Күшбай (55 келіге дейін). Жастар арасында Дәулетхан Ерланұлы (46 келіге дейін) мен Бақтыбек Аспанбек (52 келіге дейін) алтын, Матвей Толстов (70 келіге дейін) күміс, Жандос Қайыржанов қола жүлдені иеленді.

Бозбалалар арасындағы «хъенги» бөлімінің нәтижесі: алтын алқа – Д.Дүйсенбаева мен Полина Ляшенко, күміс алқа – Д.Ерланқызы, қола алқа – Қ.Бекзат. Жастар арасында алтын алқаны Ж.Қайыржанов алса, Алмас Оразғалиев пен Б.Аспанбек екінші орын алды.

* * * * *

Атыраулық спортшылар Қазанда қоян-қолтық ұрыс бойынша өткен Азия чемпионатында үш күміс және үш қола алқа жеңіп алды.

– Атырау намысын алты спортшы қорғады. Чемпионат алдында Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» спорт базасында 18 күн бойы оқу-жаттығу жиыны өтті, – дейді бас бапкер Хайдар Есенғалиев.

* * * * *

Әлем чемпионатының күміс жүлдесін Әлихан Сейітов (73 келіге дейін), Бек Агагатов (88 келіге дейін) және Гүлбану Саматова (64 келіге дейін), қоланы Мирас Шантасов (90 келіден жоғары), Ерлан Шәкішов (90 келіден жоғары) және Хайдар Есенғалиев (97 келіден жоғары) жеңіп алды.

* * * * *

Атыраулық «Жайық» ДСК-де дзюдодан ҚР Құрметті спорт қайраткері Асан Раушановтың жүлделері үшін 2005-06 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтті.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 250-ге жуық спортшы қатысты. Жергілікті спортшылар арасынан Айбар Жұмабай, Мәдина Амангелді, Әсемгүл Кулуш және Аниса Ибаттола жеңімпаз атанды.

* * * * *

Атыраулық спортшы Аманжол Жанбота Бакуде өткен парадзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Ол Корея, Грузия, Франция және Египет спортшыларын жеңсе, қола алқа үшін белдесуде Германиядан келген қарсыласын жеңді. Жанбота бұл спорт түрімен 2019 жылдан бері айналысады.

* * * * *

Атыраулық спортшы Егор Белоусов ұлттық құрама сапында Тайландта өткен су добынан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал ол небәрі 16 жаста.

Бұған дейін ұлттық құрама бапкерлері ҚР жастар чемпионатында талантты баланы байқап, Белградта өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына апарған. Ол жерде де өзін жақсы көрсетіп, оны Азия чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға алған.

Егордың тікелей қатысуымен Қазақстан құрамасы алдымен жапондықтардан ұтылып, одан соң тайлар мен ирандықтарды ұтып, қола жүлдеге қол жеткізіп, 2023 жылдың шілдесінде Фукуокада (Жапония) өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болды.

«Мұнайшы» орталық жүзу бассейнінің жаттықтырушысы Ернұр Қойлиев шәкіртінің жетістігіне дән риза:

- Егор 9 жылдан бері шәкіртім, спортта болашағы зор деп ойлаймын. Оның басты қасиеті – еңбекқорлығы мен бойының ұзындығы: 195 сантиметр.

Күні кеше ұлттық құраманың бас бапкері Дамир Темірханов Ернұр Қойлиевқа телефон соғып, Атырауда осындай жақсы спортшының дайындалғанына ризашылығын білдірді.

Анықтама үшін: 2022 жылы су добынан республикалық чемпионатта Атыраудың үш балалар командасы (2005, 2007-08 және 2009 ж.т.) қола жүлдегер атанды. Тағы бір бапкер Олег Бабенко балаларды жаттықтыру үшін Атырауға көшті.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қараша 2022, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.