Атырау, 12 қазан 17:11
 дождьВ Атырау +25.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Сенбі және жексенбі күндері Атырауда азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтеді

1 684 рет қаралды

Атырауда апта соңында, яғни 19 және 20 қараша күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңке Атырау қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен өтеді.

- Жәрмеңкеге облыс бойынша 30-ға жуық кәсіпкер қатысады деп күтілуде. Тауар бағасы нарықтағыдан 10-15%-ға төмен болады. Қала тұрғындарын күнделікті қажет деген азық-түлік өнімдерін төмен бағада сатып алуға шақырамын, деді қалалақ кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.

Айта кетейік, аталған жәрмеңке жыл басынан бері 110 мәрте ұйымдастырылып отыр.

19 қараша 2022, 00:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.