Атырау, 3 қазан 20:25
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Ресейде 8 жыл халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды

1 333 просмотра

Ресейде 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 71 жастағы қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысы ТЖД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыскерді ұстау үшін көрші мемлекетке кеткен. Орлов облысындағы Ішкі істер министрлігі департаментіндегі әріптестерімен 16 қарашада күдіктіні ұстаған.

"Әйелге алаяқтық жасады деген айып тағылып, іздеу жарияланды. 2010 жылдың сәуірінде ол Мұнайлы ауданындағы жер телімін жалған құжат арқылы жәбірленушіге 1,5 миллион теңгеге сатып жіберген. Сол жылдың маусымында ол сол ауданда жалған құжатпен екінші учаскені 4,5 миллион теңгеге сатып жіберген", - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Тәртіп сақшылары мәліметінше, күдіктінің алаяқтық әрекетінен барлығы 74 адам зардап шеккен. Материалдық шығын 50 миллион теңгеден асады.

"Күдіктіні полицейлер РФ ІІМД Новосильск бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.
18 қараша 2022, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.