Бүгін, 18 қараша сағат 9:00 шамасында Toyota Camry көлігінің 41 жастағы жүргізушісі Баймұханов көшесінің бойында жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысып, соққы екпінімен жаяу жүргіншілерге арналған жолда келе жатқан ер адамды қағып кетіп (ол сол жерде көз жұмды), тұрақта тұрған Hyundai Elantra көлігіне соқтығысқан. Hyundai Elantra көлігі соққы екпінімен Volkswagen Passat автокөлігіне соқққан.
Атырау облысы полиция департаменті қазіргі таңда марқұмның жеке басына қатысты ақпараттар анықталып жатқанын хабарлады. Аталған факті бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған сурет пен бейнежазба