Атырау, 7 мамыр 09:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Көшедегі жаттығу құрылғысы тез тозады

1 117 просмотра

Воркаут  - кез келген спорт түріне жатқызуға болатын көше гимнастикасы. Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығының аумағында тренажерлармен жабдықталған 47 воркаут алаңы бар және олардың барлығы жұмыс жасап тұр.

Тексеру үшін бірінші кездескен қаладағы жағажай жанындағы воркаутқа бардық. Ондағы тренажерлар «жұмыс жағдайынан» алыс.

«Ескек» тренажеріне отырамын деп, шалбарымды жыртып ала жаздадым. Күн сәулесіне пластмасса бөліктері еріп, орындықтың  металл «қаңқасын» жалаңаштап тастаған. «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде аптап ыстық пен желден қираған тренажерларды ретке келтіру үшін жөндеу қоры бар ма?» деген сұрақпен қалалық әкімдікке жүгіндік. Ол жерден (жоғарыдан қараңыз) барлық воркаут алаңдары жұмыс жағдайында және «қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, егер бұл жұмыстар анықталып, қажет болса, онда қаржыландыру жоспарына енгізу арқылы бөлінеді» деген жауап келді.

Ал, қала әкімдігі Атырау ауылдық округінде (Атырау-Дамбы жолының бойында) 48-ші воркаут алаңын салуды жоспарлап отыр. Құны - 7,6 млн теңге.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

17 қараша 2022, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.