Атырау, 29 наурыз 16:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Warner Bros. Ресей арналарына фильмдерін көрсетуге тыйым салды

841 просмотра

Голливуд киностудиясы Warner Bros. "Ұлттық медиа тобына" кіретін Ресей арналарына фильмдерін көрсетуге тыйым салды. "Ұлттық медиа тобына" СТС, РЕН-ТВ, Пятый канал және "Домашний" сонымен бірге more.tv видеосервисі кіреді, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Ақпаратқа қарағанда, киностудияның ресейлік прокатшылармен лицензиялық келісімінің бітуіне әлі бір жарым жыл бар.

Warner Bros. – әлемдегі ең ірі кинокомпаниялардың бірі. Оның танымал жобаларының қатарында Гарри Поттер, "Годзилла 2", "Ғажайып әйел", "Әділет одағы" және өзге туындылар бар. Жаңа жылдық демалыс кезінде осы фильмдер аталған медиа топқа кіретін СТС арнасында жоғары рейтингіге ие болған.

"Бюллетень кинопрокатчика" жазуынша, 2022 жылдың үшінші тоқсанының нәтижесінде ресейліктер арасында ең танымал алғашқы 50 фильмнің қатарына Warner Bros. өнімдері енбеген. Алдыңғы жылдары киностудия жоғары орындарды иеленіп жүрген. Сарапшылардың болжамынша, Ресей Украинаға басып кіргелі бері ресейлік телеарналар ойын-сауық контентінің үлесін азайтып, олардың орнын жаңалықтар пен пропагандистік материалдармен толықтырып жатқан болуы мүмкін.

  • Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін негізгі Голливуд киноөндірушілері — Warner Bros., Universal, Paramount, Disney және Sony өнімдерін Ресейде прокаттау мен лицензиялауды тоқтатқан. Кейбірі Ресей нарығынан мүлде қол үзген.
  • Кинотеатр иелерінің қауымдастығы 2022 жылы тамызда Владимир Путиннен көмек сұраған. Олар Қытай, Корея және совет фильмдері Голливуд блокбастерлері алып келетін қаржының небәрі бес пайызын ғана өтейтінін айтқан.
  • Шілдеде Ресей президентінің халықаралық мәдени әріптестік бойынша арнайы уәкілі, бұрынғы мәдениет министрі Михаил Швыдкой Голливуд фильмдерін "параллель түрде прокаттауды" яғни, лицензиясыз пираттық өнімдерді пайдалануды ұсынған. Оның пікірінше, әйтпесе кинотеатрлар банкротқа ұшырайды. Үкімет ұсыныстан бас тартып, кинотеатрларды қолдаудың басқа амалын табуға уәде берген.
17 қараша 2022, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.