Атырау, 7 мамыр 02:44
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Боррелл санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты

760 просмотра

Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресейге қарсы санкциялар Ресейдің соғысты қаржыландыру әлеуетін әлсірету үшін арнайы жасалған және олар басқа ешкімге бағытталмаған. Олар ауыл шаруашылығына немесе тыңайтқыштарға бағытталмаған, олар санкцияларға ұшырамайды. Сондықтан, санкциялар туралы бүкіл әлемді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты айтылған кез келген әңгіме шындыққа жанаспайды", - деді Боррелл Ақордада журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол санкциялардың салдарын мұқият өлшеу керек екенін, олар логистикалық факторларға әсер етпеуі керегін атап өтті.

"Кеше біз шешкіміз келетін нақты проблемаларды өте нәтижелі талқыладық, бірақ олар үшінші елдердің экономикасына бағытталған емес. Егер тұрақты залал болса, біз оларды қалпына келтіреміз", - деп қосты ол.
17 қараша 2022, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.