Атырау, 7 мамыр 06:33
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Ұлттық университетте ұлттық құндылықтарды дәріптейтін интеллектуалды жарыс өтті

Сурет
598 просмотра

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Qazaq men» атты интеллектуалды жарыс өтті.

Педагогика пәнінің оқытушысы Мейрамгүл Мурзагулованың жетекшілігімен өткен бұл жарыс үш кезеңнен тұрды. Онда қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 203-тобының студенттері қазақ жұртының діні мен ділін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қамтыды.

Алғашқы кезеңде қатысушы топтар өздерін креативті таныстыра білуімен ерекшеленсе, екінші бөлімде білім,тарих, мәдениет салаларындағы білімдерін бір саралап алды. Үшінші кезеңде ұмыт болып бара жатқан ұлт дәстүрлеріне талдау жасап, өткенімізді қайта тірілткендей болды десем артық айтпағаным болар. Айналдырған бір сағаттың ішінде ән де шырқалды, би де биленді, студенттердің білімдері де шыңдала түсті. Әрдайым жастар арасында осындай дәстүрлерімізді дәріптейтін жарыстар ұйымдастырылып тұрса, елім дейтін ерлер мен салиқалы бойжеткендер тәрбиеленер еді деп ойлаймын. Тәңіріміз елімізді аман, жұртымызды тыныш етіп, әр күн сайын егемендігімізді тойлап жүре беруге жазсын.

Мейрамкул Дауренбековна Мурзагулова,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы

17 қараша 2022, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.