Атырау, 22 желтоқсан 11:15
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Cауда үстемесін 10 пайызға төмендету туралы келісім жасалды

718 рет қаралды

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10% - ке дейін төмендету туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Sputnik.

Оған сәйкес 15% мөлшеріндегі сауда үстемесі меморандум шеңберінде 10%-ке дейін төмендейді.

Бұл тұрғындарға меморандумдар жасасқан Қазақстанның ірі сауда желілерінен сауда маркасы төмендетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.

Меморандумдарға "Магнум", "Small", "Анвар", "Астықжан", "Вкусмарт", "ФерМаг", "Ақмол" сынды ірі сауда желілері қол қойды.

14 қарашадағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар барлық өңірлер мен қалаларда 130 меморандум жасалды.

17 қараша 2022, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.