Атырау, 29 қараша 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау облысында 65 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды

1 259 просмотра

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлдана Бисенбай мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулысына қол қойды. Осыған сәйкес медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы, сондай-ақ зертханалардың зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді.

- Осы жылы өңірде тұмауға қарсы облыс халқының 9,7% екпемен қамтылған. Оның ішінде 63119 адам ақысыз негізде, 1675 жұмыс беруші тарапынан егілген. Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 11893 бала екпе алды. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ, - деді Г.Бисенбай. 

Айта кетейік, Атырауда жыл басынан бері эпидемиологиялық маусымда зертханалық жолмен дәлелденген тұмау аурушаңдығының 7 жағдайы тіркелді. Оның ішінде ересектер 2, жүкті әйелдер 5. Қазіргі айналымда тұмау түрінің “В” типі анықталуда.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 қараша 2022, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.