Атырау, 4 мамыр 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Электронды құжатпен дауыс беруге болады

647 просмотра

Енді сайлаушылар дауыс берерде құжаттың электрондық нұсқасын ұсына алады. Бүгін Таразда өңірдегі сайлау учаскелік комиссияларының төрағалары үшін арнайы семинар ұйымдастырылды. Яғни, сандық құжаттар түпнұсқаның аналогы десек, сайлау учаскесіне келген әр азамат электрондық үкімет қосымшасы немесе отандық банктердің мобильді қосымшалары арқылы цифрлық құжаттарды пайдалана алады, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Яғни, жеке куәлікті жоғалтып алсаңыз немесе ұмытып кетсеңіз, электронды түрін көрсете отырып, дауыс бере аласыз. Сонымен қатар егер сайлаушының тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болмаса, дауыс беру үшін сайлау учаскесіне тіркелуіне болады. Бұл процесс «eGov» қосымшасы арқылы тексеріледі. 20 қараша күні Жамбыл облысында 493 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Талғат Жамалов, Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі: 

10 күн бойы бүкіл Жамбыл облысындағы барлық ауданды аралап, учаскелік комиссиялармен семинар өткіздік. Бұл соның жалғасы қазір болып жатқан. Бұл жерде ең бастысы сайлау болатын күнгі бір күндік жұмыс жоспары. Таңғы 6:00-ден кешкі 20:00-дегі аралықтағы атқаратын жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

16 қараша 2022, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.